Қауіпсіздік нұсқаулары
Қысқы демалыс қарсаңында оқушылармен ата-аналарға қауіпсіздікпен таныстырылды.Журналдарға қол қойдырылып нұсқаулармен,ережелерді орындауға міндеттелді.Ата-аналарға жадынама таратылды.
- балаларыңыздың шұңқыр бар жерлерге баруына рұқсат бермеңіздер, бұл бала өміріне қауіпті;
- балаңыздың көшеде жүру ережесін білуін қадағалаңыз;
- қауіпті жерлерде балаңызды қараусыз қалдырмаңыз;
- 2200ден 600ге дейін балаңызды үлкендердің қарауынсыз түнгі уақытта жүруіне тыйым салыңыз;
- техникалық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы балаңызбен әңгіме жүргізіңіз;
- өз балаңыздан газ, электр құралдарымен жұмыс және өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалаңыз;
- бейтаныс адамдармен сөйлеспесін және оларды үйге кіргізбесін;
- бейтаныс адамның көлігіне отырмасын;
- өзенге, бассейнге шомылуға барғанда қауіпсіздік ережелерін естен шығармасын;
- күз,қыс мезгілінде кешкі сағат 19:00 үйде болуы керек
- вирустық инфекцияға байланысты,қолдарын жиі сабынмен жуу,гигиенаны сақтау,бетперде тағу,себепсіз басқа елді мекендерге шықпау