Меню KDT
imgMain.jpg?_=1732077816
Текст для бег.. стр

Соңғы қоңырау


Бүгін барлық өңірлерде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтуде.  Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік жиынға аудан орталығы Преснов ауылынан Едігенова Жаңыл Орынбайқызы , білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен мектеп түлектері қатысты. Алдымен жас түлектерді мектеп басшысы құттықтап, сөз сөйледі. - Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз, - деді . Шара барысында бүлдіршіндер орындауындағы әсем ән, 1 сынып оқушыларының аға-әпкелеріне деген лебіз жырлары, «Жыл үздіктерін» марапаттау рәсімі, "Спорт эстафетасын" табыстау рәсімі өткізіліп, мектеп түлектерінің салтанатты шеруі тамашаланды.Соңғы қоңырау соғу  1сынып оқушысы Әтіш Сезімге және  11сынып оқушысы Ойрат Бегжанға табысталды.