Меню KDT
imgMain.jpg?_=1732077816
Текст для бег.. стр

Президенттік сынама


Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.

Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;

Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;ммм

1.Президенттік тестілердіөткізу туралы осы ереже (бұдан әрі — Ереже) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

            Президенттік тестілер – халықтың оқуға, еңбек қызметіне шынығу дайындығының жалпы деңгейін және жастардың әскери қызметке дайындығын бақылау нормативтері арқылы анықтайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы.

Президенттік тестілерҚазақстан Республикасы балаларының, жастарының және ересек тұрғындарының шынығу дайындығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.

 

Мақсат және міндеттер

            Президенттік тестілердің мақсаты – балаларды, оқушыларды және ересек тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың өзінің денсаулығын және өмірдің әртүрлі сатыларында шынығуға дайындық деңгейін анықтауға деген сұранысын қанағаттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Президенттік тестілердің негізгі міндеттері дене шынықтырудың жай-күйін бағалау және дене шынықтыру жаттығулары арқылы халықты сауықтыру, жастарды оқуға, еңбек қызметіне, әскери қызметке дайындау.